Халықаралық турнирдің күміс жүлдесі

2022 жылдың 13-14 желтоқсанында Бішкек қаласында (Қырғызстан) каратэден халықаралық турнир өтті. Оған 5 елден үш жүзден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының атынан дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс тобының студенті Касенов Дамир қатысты. Бұл турнир басталмас бұрын Дамир 17 күн бойы Түркияда оқу-жаттығу жиынында болды. Бұл жарысқа жақсы дайындалуға мүмкіндік берді. Шәкіртіміз жақсы өнер көрсетіп, 2-орынды иеленіп күміс жүлдегер атанды.

       Дамирді құттықтаймыз және одан әрі де жүлделі орындар тілейміз!