Career guidance - any path begins with the first step

Дене шынықтыру және спорт кафедрасында кәсіби бағдар беру жұмыстары басталып кетті. Кафедраның аға оқытушылары Белкович В.Н., Процюк О.А.,Моисеева Н.А., 2005 жылы туылған №8 БЖМОРСМ футбол командасының спортшыларымен, талапкерлермен кездесу ұйымдастырды. Кездесу спорт мектебінің оқу-жаттығу базасында өтті.

Қатысушылар «Дене шынықтыру және спорт» және «Футбол жаттықтырушысы» білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихандардың ұйымдастырылуы мен өту барысына, сондай-ақ басым құқықты растайтын құжаттарды дайындау және тапсыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Аға оқытушылар ҰБТ-ға дайындық пен оны тапсырудың маңыздылығын түсіндірді.

Барлық балалар ата-аналарымен бірге 2022 жылдың 4 қарашасында өтетін “Ашық есік” күніне шақырылды.