Professor of the Department of Social Pedagogy and Self-Knowledge Zhumabekova Fatima Niyazbekovna conducted career guidance work in Aktobe

2021 жылдың 16 қазанда Ақтөбе қаласында педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Фатима Ниязбекқызы Жұмабекова А. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері мен магистранттарына Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандықтары бойынша дайындайтыны туралы айтып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Факультет деканы Жанна Азатқызы кафедрадағы мамандар даярлау мәселесі, студенттердің жетістіктер туралы баяндап өтті. Профессор Ф.Н. Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» және «Мектепке дейінгі психология» оқулықтарын кітапхана қорына тарту етті. Арнайы дайындалған буклеттер таратылды.

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернат оқушыларымен кездесу өткізіп оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Еуразия ұлттық университетіне түсуге оқушылардың қызығушылықтары басым және мамандық таңдауға байланысты сауалдарға кәсіптік бағдар бағытында егжей-тегжейлі түсіндірілді.