Педагогика кафедрасының магистранты Табаран Дарья «Экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбында лекция жүргізді

Көкшетау қаласының НЗМ- де «Экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбында лекция өткізілді. Лекция «Білім беру жүйесін дамыту және экологияландырудың «жасыл мектеп - жасыл колледж - жасыл университет» моделі» жобасы аясында өтілді (жоба жетекшісі – педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Длимбетова Г.К.). 

Лекция спикері Әлеуметтік ғылымдар факультетінің магистранты Табаран Дарья. Аталған лекцияға жетінші сынып оқушылары мен Көкшетау қаласының НЗМ-нің мұғалімдері қатысты. 

Табаран Дарья оқушының болашақта сәтті болуында экологиялық жауапкершіліктің маңызды екенін, экологиялық әдеттердің көп жағдайларда пайдалы болатындығы туралы атап өтті. Оқушыларға Қазақстандағы экологиялық волонтерліктің рөлі жайлы айтылды. Берілген мәліметтер есте жақсы сақталуы үшін онлайн сұрақ-жауаптар пен  викторина ұйымдастырылды.