III международная научно-теоретическая конференция

2018 жылдың 16-17 ақпан күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдиннің 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлемдік философияның өзекті мәселелері, адам, оның санасы және адамгершілігінің дамуы» атты III халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы бірлесіп өткізген (Шетелдік серіктесі – Ресей Ғылым Академиясының Философия институты) конференцияға Қазақстанның, ТМД және өзге де шетелдің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің философтары, ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан ЖОО ректорлары және профессор-оқытушылар мен PhD докторанттары, аспиранттар, магистрлер қатысты.

17 ақпан күні сағат 10.00-де (Адольф Янушкевич көшесі 6, № 4 оқу ғимараты) академик Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин аудиториясында «Қазіргі философияның өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде «Философия пәні», «Философия ғылым ретінде», «Әлемдік философия мен ұлттық философиялық ойдың арақатынасы», «Батыс мәдениетіндегі адам», «Қазіргі философияның Маркс пен Ленинге қатынасы» сияқты философиялық мәселелер талқыланды.

ҚР ҰҒА академигі Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдиннің «Собрание сочинений (5 томов)», «Время, события и проблемы: взгляд философа», «Логика творческого мышления»; Ж.М.Әбділдин, Р.Ж.Әбділдинаның «Логика формирования творческой личности в контексте романа М.О.Ауэзова «Путь Абая»»,  «Философско-этические проблемы в творчестве Л.Н. Толстого», «Проблема целостного и абстрактного человека в творчестве Ч. Айтматова», «Ч. Валиханов – великий ученый и мыслитель», «Абай – гениальный мыслитель и гуманист», «Логика теории современной демократии и проблемы ее реализации»,  «Логика универсальных форм и методов познания» атты кітаптарының тұсаукесері болды.

 Сонымен қатар, философия ғылымдарының докторы, профессор, «Вопросы философии» журналының бас редакторы (РФ) Борис Исаевич Пружининнің: Кітап сериясы «Философия России первой половины ХХ века» (идея проекта – П.Г. Щедровицкий, гл. ред. серии Б.И. Пружинин, редактор по архивам Т.Г. Щедрина, 26 томов); Собрание сочинений Густава Густавовича Шпета (отв. ред.-сост., автор комментариев и реконструкции черновиков Т.Г. Щедрина, 12 томов); Кітап сериясы «Мысль и Слово» (автор проекта Т.Г. Щедрина (проект Института философии РАН), «Философский журнал как феномен интеллектуальной культуры. К 70-летию журнала “Вопросы философии”» (ред. А.А. Гусейнов, Б.И. Пружинин, Т.Г. Щедрина); «Лев Шестов: Pro et Contra» (ред.-сост. Т.Г. Щедрина); мәдени-тарихи эпистемология бойынша кітаптар (авторы және редакторы Б.И. Пружинин, Т.Г. Щедрина); психологиядан кітаптар: «Методология психологии» (отв. ред. В.П. Зинченко, науч. ред. Т.Г. Щедрина); Сочинения В.П. Зинченко (отв. ред. Т.Г. Щедрина, 2 тома) кітаптарының тұсаукесері өтіп, университет кітапханасына сыйға тартылды.

Сборник конференции по ссылке:

1 том

2 том