ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау.

Әлеуметтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы тәрбие жұмысы аясында «Әлеуметтану» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарының студенттерімен бірігіп  Президентіміздің 2020 жылғы халыққа арнаған жолдауын талқылады.  Жолдауды талқылау зум платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Жолдаудағы негізгі міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Жолдауда аса мән беретін  негізгі 11 мәселе, оның ішінде, студенттер өз мамандықтарына қатысты мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салып, болашақ әлеуметтік сала мамандары ретінде өздерінің  көзқарастарын білдірді.